389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

  • 196
  • UPD: 14:03, 06.10.2019

Елбасы Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырым-дары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетуімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті.

«Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр. Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін», - делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы