389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайсар» Қазақстан кубогінің иегері атанды

  • 174
  • UPD: 18:38, 06.10.2019
«Қайсар» Қазақстан кубогінің иегері атанды

Елордада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалдық кезеңде Қызылорданың «Қайсар» және «Атырау» командалары кездесті. Екі команда да биыл кубок ойындарында сәтті ойын көрсетті. Жарыстың үш сатысынан іркілмей өтті.

Бүгінгі кездесуде екі клубтың да гол салу мүміндіктері болды. Бірінші кезеңде мұндай мүмкіндікті екі команда да тиімді пайдалана алған жоқ.

Екінші кезеңдегі 67-минутта, атыраулық Петр Гжельчак өз командасын алға шығарған еді. Мұнан кейін көп ұзамай «Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген алаңнан қуылды. Он футболшымен ойнағанына қарамастан 88-минутта қызылордалық команда сапынан Игорь Зенькович таразы басын теңестірді. Артынша қосымша тағы екі кезең қосылды. Бұл кезеңде қызылордалық Думан Нәрзілдаев 122-минутта өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша «Қайсар» қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде биылғы Қазақстан кубогінің иегері атанды.

Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда 1/8 финалда «Оңтүстік академиясын», ширек финалда Павлодардың «Ертісін» жеңіп кетті. Қызылордалық футболшылар жартылай финалда Қостанайдың «Тобыл» командасын сүріндірді.

«Қайсар» командасы 1999 жылы кубокке ие болып, ол жолы Өскеменнің «Востогынан» 2:1 есебімен басым түсті. 1998 жылы финалға дейін жетсе, 2007 жылы жартылай финалда бақ сынады.

Хабар 24 телеарнасы