389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әлемде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балалар арасында бокстан жарыс өтті

  • 161
  • UPD: 20:45, 06.10.2019

Елордада мүмкіндігі шектеулі балалар арасында бокстан жарыс өтті. Айта кету керек, Парабокс әлем бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Оған сал ауруына шалдыққан, ойлау жүйесінің дамуы тежелген және көру мен есту қабілеті нашар 25 бала қатысты. 9-16 жас аралығында былғары қолғап шеберлері өзара мықтылық байқасып, жүлделі орындардан көрінді. Мұндай шаралар ерекше балалардың қоғамнан тыс қалмай, қатарластарымен бірге дене шынықтыруға, білім алуына ынталандырады, дейді ұйымдастырушылар. Ал жекпе-жекке төрелік етушілер Болат Жұмаділов, Бахтияр Артаев сынды әлемге танымал спорт шеберлері болды.

Бақтияр Артаев, бокстан Олимпиада чемпионы /2004/:

- Осындай мүмкіндігі шектеулі, ДЦП-мен ауыратын балалар өкінішке қарай елімізде сандары жеткілікті. Осындай балаларды қамту үшін, ата-аналардың жағдайын жасау үшін осындай турнир өткізілді. Балалар толыққанды жүре алмағандықтан, көбінесе үйде отырып қалады. Егер де үйде отқан бала дайындық жасамаса ол баланың сол күйі мүшелері дамымай қалады.

Хабар 24 телеарнасы