389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің каратэшілері Мәскеуде 4 медаль жеңіп алды

  • 117
  • UPD: 23:24, 06.10.2019
Еліміздің каратэшілері Мәскеуде 4 медаль жеңіп алды

Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратешілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды.

Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 

60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты. Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді.

Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді.

Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы