389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық сарбаз пауэрлифтингтен абсолютті әлем чемпионы атанды

  • 278
  • UPD: 23:59, 06.10.2019
Қазақстандық сарбаз пауэрлифтингтен абсолютті әлем чемпионы атанды

Майор Болат Бөлендин пауэрлифтингтен және Пауэрлифтинг ұлттық қауымдастығының жеке іс-қимылдары бойынша абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жаңалықпен Facebook желісінде Daniyar Alzhanov деген атаумен белгілі желі қолданушысы жария етті. Ақпаратқа сәйкес, майор Болат Бөлендин «GOLDEN TIGER - XIII» Халықаралық мультитурнирінде 82,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 4 алтын медальді жеңіп алған.

Болат Бөлендиннің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, оның WRPF федерациясының әлем чемпионы, Азия чемпионы, пауэрлифитингтен және денені жерден көтеруден Қазақстан чемпионы атақтары бар. Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбазы өзінің карьерасында екі әлемдік рекордты орнатты. «GOLDEN TIGER - XIII» Халықаралық турнирі күш қолданатын спорт түрлерінің дәстүрлі фестивалі. Биылғы жылы 50 спорт түрінен өткен жарысқа 9 мыңнан астам спортшы қатысты.

Хабар 24 телеарнасы