389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Деревянченко: Бүкіл әлем куә, жеңіс менікі еді

  • 298
Деревянченко: Бүкіл әлем куә, жеңіс менікі еді

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейін жекпе-жек жайлы өз пікірімен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

- Жеңіс менікі болғанын іштей сезіп тұрмын. Жеңісіме «Мэдисон Сквер Гарден» куә. Тіпті, бүкіл әлем куә. Бірақ кеше түсініксіз жағдай орын алды. Мені қолдаған барша жандарға рақмет! - деп жазды Сергей инстаграмдағы жеке парақшасында. 

Еске салсақ, Деревянченко Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жекте Головкиннен төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. GGG жекпе-жектен кейін қос белбеуді беліне байлады. Жеңісінен кейін Генадий қарсыласымен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы