389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Головкинді жеңісімен құттықтады

  • 313
  • UPD: 12:11, 07.10.2019
Димаш Головкинді жеңісімен құттықтады

Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген отандасы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады.

«Бауырым, кезекті таңғаларлық жеңісіңмен құттықтаймын! Басқаша болуы мүмкін емес те еді», – деп жазды әртіс Instagram-дағы парақшасында.

Еске салсақ, кеше Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді. Төрешілердің шешімімен отандасымыз орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Күллі қазақ жанкүйеріне қуаныш сыйлаған спортшыны ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы мерейлі сәтімен құттықтап, алдағы жұмысына тек сәттілік тіледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Головкиннің жеңіске деген табандылығы мен ұмтылысын атап өтіп, құттықтауын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы