389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік футболшылар келісілген матчтарға қатысқан

  • 175
  • UPD: 09:56, 08.10.2019
Ақтөбелік футболшылар келісілген матчтарға қатысқан

«Ақтөбе» футбол клубы тағы бір жанжалға тап болды.

Бұл жолы батысқазақстандық клубқа келісілген матчтарға қатысты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күдікті ойындарға жергілікті «Ақтөбе-Жас» және «Ақтөбе М» футболшылары қатысқан. Клуб бәрін мойындап, тіпті құрамды тазалап та үлгерді. Барлық күдіктілермен келісімшарттар бұзылды. Ойыншылардың өздері кінәларын мойындады.

Қазірге футболшылардың есімдері аталмай отыр. 

Кейбір мәліметтерге сенсе, бірінші және екінші лигада өнер көрсететін басқа командалардың ойыншылары да келісілген матчтарға қатысқан көрінеді. Ал қылмыстық топ Украинада құрылған. Сол жақтан бағыт-бағдар беріп отырған. Барлық заңсыз әрекеттер сол жақта жоспарланған. Олар өз кезегінде букмекер орталықтармен сыбайластықта болған. 

Хабар 24 телеарнасы