389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА президенті «Қайраттың» басшысымен кездесті

  • 118
  • UPD: 14:18, 08.10.2019
УЕФА президенті «Қайраттың» басшысымен кездесті

УЕФА президенті Александер Чеферин «Қайрат» АФК басшысы Қайрат Оразбековпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ұйымның Швейцарияның Ньон қаласындағы кеңсесінде өткен басқосуды қос тарап футзалдың дамуы мен жұмысы жайлы сөз қозғады. Ал жиналыстан соң Александер Чеферинге алматылық клубтың жейдесі сыйға берілді.

Айта кетейік, «Қайрат» АФК мен «Аят» бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін бастайды.

Хабар 24 телеарнасы