388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда дене шынықтыру кешені салынып жатыр

  • 146
  • UPD: 15:32, 08.10.2019
Қарқаралыда дене шынықтыру кешені салынып жатыр

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынуда.

Бұрын-соңды ауданда үлкен жарыстарды өткізетін мұндай жеке нысан болған жоқ. Ғимаратта футбол, воллейбол, баскетбол, бокс және тренажер залдары, 320 орындық көрермен трибунасы, үстел ойындары бөлмесі болады. Спорт кешенін салу үшін қазынадан 660 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір құрылыс басында 30 адам жүр. Бүгінде олар жоспарлы жұмыстың 80 пайызын орындады. Желтоқсан айында нысан пайдалануға беріледі. Ал келешекте Нұркен және Егіндібұлақ ауылдарында да спорт кешендерінің құрылысы басталмақ. 

Нұрлан Қасымов, Қарқаралы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

- Жобалық смета жасалған 11 миллионға. Келесі жылы 100 орындық ФОК салынады Нүркен ауылына. Осындай жұмыс Егіндібұлақ ауылында жоспарланып отыр. Ол 2020 жылға жоспарланып отыр. Енді ФОК ашылса кешкі уақыттарда жастарға, үлкендерге спортпен айналысуға өте тиімді болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы