389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ватерполдан Қазақстан құрамасы Ресей жерінде өнер көрсетіп жатыр

  • 242
  • UPD: 11:50, 09.10.2019
Ватерполдан Қазақстан құрамасы Ресей жерінде өнер көрсетіп жатыр

Ватерполдан Қазақстан әйелдер құрамасы Руза қаласында өтіп жатқан Ресей чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командамыз алғашқы ойынын жергілікті Штурм-2002 клубына қарсы өткізіп, 9.9 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Нижний Новогородтың «Буревестник» ұжымымен ойнап, жеңіске жетті. Есеп 15:6. Ал үшінші ойында қазақ құрамасы жеңіліс тапты. «Кинефсургутнефтегаз» командасы ел құрамасынан басым түсті. Төртінші матчта КИНЕФ-2 командасымен кездескен Қазақстан құрамасы 11:9 есебімен жеңісті жұлып алды.

Хабар 24 телеарнасы