389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық велотрек шеберлері Азия кубогының иегері атанды

  • 132
  • UPD: 12:35, 09.10.2019
Қазақстандық велотрек шеберлері Азия кубогының иегері атанды sports.kz

Таиландта өткен құрлық бәсекесінде Әзен Ғабиден омниум бойынша топ жарса, Асылхан Тұрар екінші орынға ие болды.

Жекелей сында Игорь Юсифов жеңіске жетті. Мэдисонда Асылхан Тұрар мен Игорь Юсифов жұбы көзге түсіп, Азия кубогын ұтып алды.

 

Спорттық гимнастика: Милад Карими Олимпиадаға жолдама алды

Милад Карими спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасына жолдама алды. Қазақстандық спортшы Германияның Штутгарт қаласында өткен әлем чемпионатында көпсайыс бағдарламасында көзге түсіп, финалға шықты. Шешуші жарыс жұма күні өтеді. Каримиден бөлек, Әкім Мұсаев, Ілияс Әзизов, Нариман Құрбанов және Ербол Жантықов әлем біріншілігіне қатысты. Қазақстандық гимнастика шеберлері командалық көпсайыста өнер көрсетіп, 16-орынға ие болды.

 

Футзалдан UEFA чемпиондар лигасы басталды

Футзалдан UEFA чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып жатқан Рудныйдың «Аяты» құрлық сайысын жеңіспен бастады. Литваның Каунас қаласында алаң иелері "Витис" командасымен кездескен «Аят» ойыншылары 5:4 есебімен басым түсті. Бүгін Рудный жігіттері Испанияның «Барселонасымен» ойнайды. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі екінші тобы Венгрияда кім мықтыны анықтайды. «Қайрат» алғашқы турда Ресейдің КПРФ командасымен алаңға шығып, 0:3 есебімен есе жіберді. Бүгін Алматы командасы испанияның «Эл-Посо» клубымен кездеседі. Матч кешкі 19:45-те басталады. Бұл ойынды жанкүйерлер «Еларнадан» тікелей эфирде көре алады.

 

Бастиан Швайнштайгер жасыл алаңдағы мансабын аяқтады

Атақты неміс футболшысы Бастиан Швайнштайгер биылғы маусым акяқталған соң жасыл алаңдағы мансабына нүкте қоятынын мәлімдеді. 35 жастағы ойыншы 2017 жылдан бері Америка чемпионатындағы «Чикаго Файр» командасында өнер көрсетіп жүр. Осы маусымда ол 30 матчқа қатысып, бір доп соқты. «Чикаго» плей-оффқа шыға алмады. Швайнштайгер 17 жылға созылған кәсіби мансабында талай атақтарға қол жеткізді. Жартылай қорғаушы 2000 жылдан бастап 15 жыл бойы «Бавария» сапында доп тепті. Бастиан Мюнхен клубымен Бундеслигада сегіз мәрте топ жарып, Германия кубогының жеті дүркін иегері атанды. 2013 жылы чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Сосын «Манчестер Юнайтед» жейдесін киіп, ағылшын командасында екі жыл ойнады. Швайнштайгер Германия құрамасы сапында 2004 жылдан бері 121 матчқа қатысып, 24 доп соқты. Футболшы ұлттық құрамасымен 2014 жылы әлем чемпионы атанды. Бастианның еншісінде дүниежүзілік біріншіліктің екі қоласы мен Еуропа чемпионатының күміс медалы бар.

Хабар 24 телеарнасы