389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путинцева Қытайдағы жарыста үшінші айналымға шықты

  • 149
Путинцева Қытайдағы жарыста үшінші айналымға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан WTA сериясының екінші айналымында австралиялық Саманта Стосурды оңай жеңді  деп хабарлайды Prosports.kz.

Юлияға жеңіске жету үшін бір сағат және бір минут уақыт керек болды. Аз уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:1 есептерімен жеңді.

Айта кетейік, бұл кездесу теннисшілер арасындағы екінші кездесу болды. 2014 жылдың басында Осакадағы турнирде Стосур басым түскен еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Путинцева Тяньцзиньде тағы бір австралиялық Астра Шарманы жеңген болатын. Юлия үшінші айналымда Тунис өкілі Унс Джабирмен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы