389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Әшімов алдағы жекпе-жектен бас тартты

  • 295
  • UPD: 16:55, 09.10.2019
Арман Әшімов алдағы жекпе-жектен бас тартты

Қазақтандық файтер Арман Әшімов қазан айына жоспарланған айқасқа шықпайтын болды.

Арман Әшімов Нұр-Сұлтанда 19 қазан күні өтетін М-1 Challenge турнирінде канадалық Крис Келадеспен кездесуі тиіс еді. Алайда қазақстандық спортшы алған жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Өкінішке қарай, өздеріңіз көптен күткен жекпе-жектен жарақатыма байланысты шеттедім. Әр нәрсенің қайыры бар демекші қазақ еліне бұдан да үлкен жеңіс сыйлау үшін қайта ораламыз. Алла қаласа, бағындырар белестеріміз бен алар асуларымыз алда. Қанында қайсарлық бар қазақтың қайратын, рухын әлі талай көрсетеміз. Бұл додада ел намысын қорғайтын бауырларымызға Алла жеңіс нәсіп етсін», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы