389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020: бүгін Қазақстан Кипрмен кездеседі

  • 258
Еуро-2020: бүгін Қазақстан Кипрмен кездеседі

Бүгін кешке Қазақстан футболшылары Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Кипрмен алаңға шығады.

Михал Билектен тәлім алатын ұлттық құрама өз тобында 7 ұпаймен үшінші орынға таласып келеді. Бұл орыннан қонақтар да дәмелі. Қазір Кипрдің де еншісінде жеті ұпай бар. Сондықтан Астана-аренадағы матчта үшінші орынның тағдыры шешілуі мүмкін. Әрине, бұл нәтиже Еуропа чемпионатына жолдама бермейді. Бірақ Қазақстан үшін үздік үштіктен көрінудің өзі жетістік. Бас бапкердің де көздегені осы. Жарақатына байланысты қорғаушы Юрий Логвиненко мен Нұрәлі Әліп және шабуылшылар Алексей Щеткин мен Абат Айымбетов алаңға шықпайды. Қазақстан - Кипр арасындағы кездесу кешкі сегізде басталады.

Хабар 24 телеарнасы