389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қыздар хоккейінің қызығы қалмады

  • 146
Қазақстанда қыздар хоккейінің қызығы қалмады

Алматыда шайбалы хоккейден қыздар командалары арасындағы ел чемпионатының 1-тур ойындары өтіп жатыр.

Елімізде қыздар хоккейінің көсегесі көгермей тұр. Алматының «Айсұлуы» мен Астананың «Томирисі» жүлдені кезек бөлісіп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Биыл да бұл екеуінің алдына түсетін қарсылас көріп тұрған жоқпыз. Ұлттық біріншілікте бар болғаны – 5 команда. Ел біріншілігінің дебютанттары «Барыстың» да шамасы белгілі болды. Виктория Сазонова жаттықтыратын Алматы облысының хоккейшілері алдымен 1:12 есебімен жергілікті «Айсұлуға» тізе бүксе, бүгін Өскеменнің «Торпедосынан» тас-талқан болып ұтылды.

Наталья Борзенкова, «Барыс» ХК ойыншысы:

– Расында ұлттық біріншілікте бәсекелестік жоқтың қасы. Бәсекелестік болмаған соң биіктен көріне алмайтының белгілі. Біз ел чемпионатына бірінші рет қатысып отырмыз. Тыңғылықты дайындық болмаған соң қарсыластарға оңбай ұтылдық. Егер қаржы бөлініп, жағдайымыз түзелсе, жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы