389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Манчестер Юнайтед» Норманн Матиаске көз тігіп отыр

  • 214
«Манчестер Юнайтед» Норманн Матиаске көз тігіп отыр

«Ростовтың» ойыншысы Норманн Матиас мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін.

Goal.com басылымының мәліметінше, 23 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр. «Қызыл сойқандардың» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер командасының ортаңғы шебін нығайтқысы келеді.

Сондай-ақ жас ойыншыға «Тоттенхэм Хотспур» мен «Севилья» командалары да қызығушылық танытып отыр. Ал «Ростов» Матиасты кем дегенде 17 миллион еуроға сататынын мәлімдеген.

Айта кетейік, Матиас «Ростовта» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бактиер Зайнутдиновпен бір позицияда ойнайды. Биылғы маусымда 11 матчқа қатысып, 1 гол мен 3 нәтижелі пас берген.

Хабар 24 телеарнасы