389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Бельгия футбол жарысында литвалықтар төрелік етеді

  • 293
  • UPD: 17:12, 11.10.2019
Қазақстан-Бельгия футбол жарысында литвалықтар төрелік етеді prosports

2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнайтын Қазақстан мен Бельгия арасындағы матчқа литвалықтар төрелік ететін болды, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның бас төрешісі болып Гедиминас Мажейка, ал Витаутас Шимкус пен Витенис Казлаукас көмекшілері болып тағайындалды. Қосалқы төреші – Манфредас Лукьянчукас.

Еске сала кетелік, Қазақстан–Бельгия футбол жарысы 13 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті уақытпен 19.00-де басталады. 

Хабар 24 телеарнасы