389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир өтіп жатыр

  • 134
  • UPD: 21:58, 11.10.2019
Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир өтіп жатыр

Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир басталды.

Дәстүрлі жарыс өңірде бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған 9 аудан мен Түркістан облысынан 12 команда келді. Жалпы саны 150-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олар екі күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Айта кету керек, қазір облыста 4 мыңнан астам адам ұлттық ат спортымен шұғылданады. Оның 3 мыңнан астамы көкпарға бейім.

Нұрдәулет Момынов, көкпаршы:

– Жалғыз бұл жерде адам таңдау емес, ат та таңдау. Жақсы аттар да осы жерде өнер көрсетеді. Мысалы, қазір Қордай ауданының аттары өте керемет. Бұдан бөлек, аударыспақтан да үш салмақ дәрежесінде іріктеу жарысымыз бар.

Назарбек Ізімбетов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:

– Ересек командамыз 10 дүркін Қазақстан чемпионы болды. Жастар командасы 5 дүркін, жасөспірімдер командасы 2 дүркін чемпион болып отыр. Аудандар осы ұлттық ат спортын белсенді дамытуға үлестерін қосып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы