388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин шаршы алаңға 29 ақпанда оралады

  • 274
Головкин шаршы алаңға 29 ақпанда оралады Prosports.kz

«Біз жекпе-жекті 29 ақпан өтеді деп жоспарлап отырмыз. Геннадий Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында бірнеше рет жұдырықтасты. Байқағанымыз, GGG-дің айқасын тамашалауға чикаголық тұрғындар көп келген екен. Сондықтан келесі жекпе-жекті Чикагода өткізу ойда бар», - деді Matchroom Boxing порталына берген сұқбатында.

Сонымен қатар Эдди Хирн Головкиннің Сауль Альвареспен трилогия өткізгісі келетінін жеткізді.

Бірнеше күн бұрын Головкин Польшаның үздік боксшысына қарсы жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.

Хабар 24 телеарнасы