384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Бразилияны жеңді

  • 285
  • UPD: 11:54, 15.10.2019
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Бразилияны жеңді prosports

Шотландияда кёрлингтен аралас командалар арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп жазады Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Қазақстан құрамасы Бразилияны 10:2 есебімен жеңді.

Осылайша төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы С тобында екінші орынды Венгрия және АҚШ командаларымен бөлісіп тұр. Ал үш кездесудің бәрінде жеңіске жеткен испаниялықтар топта көш бастап тұр. Қазақстан құрамасы келесі ойынын Испанияға қарсы өткізеді.  

Хабар 24 телеарнасы