387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ислам – Каутондоква жекпе-жегінің андеркардында кімдер өнер көрсетеді

  • 244
  • UPD: 12:42, 15.10.2019
Ислам – Каутондоква жекпе-жегінің андеркардында кімдер өнер көрсетеді

26 қазан күні Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. 

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО)  жұдырықтасады, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты кездесуінде Қанат Исламның орта салмақтағы WBO International белдігі сарапқа салынады.

Назарларыңызға кештік андеркардында өнер көрсететін бес жұптың тізімін ұсынамыз:

Бексұлтан Раушанов (Өзбекстан, 5-1, 3 КО) – Александру Ионита (Румыния, 7-1-1, 5 КО), жартылай жеңіл салмақ;

Дәулет Дәукенов (Қазақстан, 5-1, 3 КО) – Иван Петров (Молдова, 3-1-1), бірінші жартылай орта салмақ;

Нұрсұлтан Аманжолов (Қазақстан, 1-0) – Михал Банбула (Польша, 13-31-4), аса ауыр салмақ;

Асқар Ерубек (Қазақстан, 1-0, 1 КО) – Владислав Баранов (Украина, 6-4-2, 4 КО), бірінші жартылай орта салмақ;

Ақтілек Жеңіс (Қытай, 10-3-3, 2 КО) – Максим Воронин (Украина, 3-0, 1 КО), бірінші жартылай орта салмақ.

Бұлардан бөлек Арман Рысбек (6-0, 5 КО) мен Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО) та шаршы алаңға шығады деп жоспарланған. Бұлардың қарсыластары әзірге анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы