424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду командаластары мен бапкерлеріне алғыс білдірді

  • 616
  • UPD: 09:05, 16.10.2019
Роналду командаластары мен бапкерлеріне алғыс білдірді Footballua.tv

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мәнсабындағы 700-голы туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz. украиналық Sport.ua порталына сілтеме жасап.

«Осыншама гол соққаным – тамаша жетістік, әрине. Тек Украинадан жеңіліп қалғанымыз ұнжырғамды түсіріп жіберді. Маған көмектескен адамдарға алғыс білдіремін. Әсіресе командадағы әріптестерім мен бапкерлеріме алғысым шексіз. Мені осындай деңгейге жеткізгендеріңізге көп рақмет», – деді Роналду.

Еске сала кетейік, Украина құрамасы Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына барар жолдамаға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы