389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Попко АТР Challenger турнирінің келесі кезеңіне өтті

  • 322
Дмитрий Попко АТР Challenger турнирінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Лас-Вегасында өтіп жатқан АТР Challenger турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко эквадорлық Роберт Киросты 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Дмитрий Попко бір сағатқа созылған екі сетте мүлде қосарланған қателік жасаған жоқ.

Қазақстандық келесі кезеңде Рой Смит – Джеймс Дакворт жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы