387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің ең қымбат футболшысы 50 миллион еуро жалақыдан бас тартты

  • 436
Әлемнің ең қымбат футболшысы 50 миллион еуро жалақыдан бас тартты vesti.kz

Франциялық «Пари Сен-Жермен» форварды Килиан Мбаппе клубтың жылына 50 миллион еуро еңбекақысынан бас тартты.

Басылым мәліметінше, париждік клуб басшылығы футболшыға 2024 жылға дейін келісімшарт ұсынған. Алайда 20 жастағы Мбаппе «Реалға» ауысуды ойлағандықтан, ұсынысты қабыл алмаған.

Мадридтік клуб Мбаппе үшін ПСЖ-ға 280 миллион еуро ұсынбақ екен, биыл наурызда France Football осындай ақпарат жариялаған еді. Олай болған жағдайда бұл футбол тарихындағы ең қымбат трансфер атанады.

СCIES Football Observatory мәліметінше, Мбаппе әлемдегі ең қымбат ойыншы - 252,2 миллион еуроға бағаланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы