432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ливерпуль» футболшысы Гиннестің рекордтар кітабына енді

  • 1122
«Ливерпуль» футболшысы Гиннестің рекордтар кітабына енді

«Ливерпуль» футбол клубының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Бұл туралы GuinnessWorldRecords Тwitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018/19 жылғы маусымда 21 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасында 12 голдық пас берді. Бұл – АПЛ қорғаушыларының арасында бір маусымдағы ең үздік көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд «Эвертон» намысын қорғаған Энди Хинчклифф (1994/95) және Лейтон Бэйнстерге (2010/11) тиесілі еді. Олар АПЛ-де бір маусымда 11 голдық пас берген.

Хабар 24 телеарнасы