388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шахматтан әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлде алды

  • 410
  • UPD: 16:07, 16.10.2019
Шахматтан әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлде алды inform.kz

Қазанның 2-інен бастап 13-іне дейін Мумбаи қаласында (Үндістан) 14, 16, 18 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында шахмат бойынша Әлем чемпионаты өтті.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Чемпионат швейцарлық жүйе бойынша өткен және әлемнің 65 мемлекетінен 500-ге жуық мықты шахматшылар жиналған. Қазақстан чемпионатында өз жасындағы іріктеуден өткен 9 спортшы Қазақстан құрамасы атынан қатысқан.

Біздің спортшылар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған. Біздің құрамаға алтын медаль әкелген 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық шахматшы Меруерт Камалиденова, күміс - Назерке Нургали (Қызылорда қ.). Алдыға тек Ресей және Үндістан құрамаларын жіберіп, артта көптеген әлемнің мықты командаларын қалдырып, командалық есепте біздің команда үшінші командалық орынды иеленді.

 

Хабар 24 телеарнасы