389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МакГрегор желтоқсанда өтетін жекпе-жекке келісімін берді

  • 151
  • UPD: 15:32, 17.10.2019
МакГрегор желтоқсанда өтетін жекпе-жекке келісімін берді rg.ru

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Фрэнки Эдгармен жекпе-жек өткізуге келісім берді. Енді бұл жекпе-жекті ұйым басшысы Дана Уайт растауы керек.

МакГрегор мен Эдгар Twitter-де аталған келісім туралы жариялады.

UFC-дің әлеуметтік желісіндегі парақшасында Эдгарды туған күнімен құттықтау жарияланды. Құттықтауға МакГрегор да қосылып, «желтоқсанда кездескенше» деп жазды.

«Рақмет! Мен жекпе-жекке келісімімді беріп қойдым. Енді мен сізден және Дана Уайттан жауап күтемін», – деп жазды Эдгар.

Көп күттірмей «Кеттік! Бізге жақсы жекпе-жек ұйымдастыр, менің сыйақымды қайырымдылыққа бер», – деп жауап қайтарды МакГрегор.

 

Хабар 24 телеарнасы