387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

  • 182
  • UPD: 15:36, 17.10.2019
М.Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.

Жерлесіміз Үндістанның Мумбай қаласында өткен дүниежүзілік біріншілікте топ жарды. 65 елден 500-ге тарта жеткіншек қатысқан зияткерлік сайыста Меруерттен бөлек, Қызылордалық Назерке Нұрғали да көзге түсіп, күміс жүлдеге қол созды. Әлем біріншілігінен алтын медальмен оралған шахматшы қыз бүгін тілшілермен жүздесіп, өз ойын ортаға салды. Меруерт Камалиденова бұған дейін Азия чемпионатында екі мәрте жеңіске жетіп, әлемдік сайыста жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. Бұл жолы жерлесіміз өз нәтижесін жақсартып, халықаралық дәрежедегі шебер екенін дәлелдеді. Үндістандағы әлем чемпионатына Қазақстан атынан тоғыз шахматшы қатысты. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы да алғашқы жиырмалықтың қатарына еніпті. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз Ресей мен Үндістаннан кейін үздік үштіктен көрінді. 

Меруерт Камалиденова, шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы:

 - Осы чемпионатта 11 партия ойнадым. Үшеуінде тең түстім, жеті партияны ұттым. Және бір партияда жеңілдім. Менің ең сүйікті шахматшым жоқ. Яғни мен әр адамның әр-түрлі партияларынан, жетістіктерінен, тактикаларынан өзіме керек заттарымды ала аламын.

Хабар 24 телеарнасы