386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы спорт қалашығында алғашқы нысандар бой көтерді

  • 168
  • UPD: 12:04, 18.10.2019

Павлодарда Sport City жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін шаһардың өндірістік бөлігінен арнайы жер берілген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жабық футбол алаңы, мұз айдыны және олимпиадалық резервтер даярлау орталығының құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін екі ірі спорт кешенін қолданысқа беру жоспарланған. Бүгінде бірнеше спорт ғимаратының құрылысы аяқталды. Жұмысшылар айналасын абаттандыру мен әрлеу ісіне кіріскен. Жоба толық жүзеге асқанда заман талабына сай келетін спорт кешендері пайда болады. Спорт қалашығында 500 орындық автокөлік тұрағы қарастырылмақ. Спортшылар үшін қонақүйлер мен асханалар бой көтереді. Өз кезегінде бұл кәсіпкерлікке жол ашпақ. Ал, жабық футбол манежінің жанында заманауи футбол алаңы жұмысын бастады. Бұл жерде футболшылар алғашқы жаттығуларын өткізіп жатыр.

Асхат Оралов, облыс әкімінің орынбасары:

- Тек қана футбол емес, барлық спорт түрлерін дамыту мақсат деп қойдық. Сондықтан да осы әрбір спорт саласында бізде кем дегенде осында  5 нысан салынатын болады және де Усолка шағынауданында біз қосымша хоккейшілерге арнайы сарай саламыз деген жоспарымыз бар. Сондықтан да жалпы облыс тұрғындарына арналған бүгінгі күні мини-футболға арналған 192 алаң бар. Үлкен футбол ойнау үшін бізде 15 алаңымыз бар. Бірақ мұнымен шектелмейміз.

Ал, жабық футбол манежі Киевтің «Динамо» футбол клубының жаттығулар базасымен бірдей екен. Жаңа нысанның құны 200 миллион теңге. Ғимарат электр қуатын үнемдейтін шетелдік технология негізінде салынған. Оның жанынан олимпиадалық резевртер даярлау орталығы бой көтереді. Бұл нысан мың орынға шақталған. Халықаралық және республикалық чемпионаттар өткізуге арналған спорт аренасы болады. Жоспар бойынша келесі жылы қолданысқа берілмек. Оның құрылысына 3,5 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Марат Айдашев, облыстық туризм және спорт  басқармасының жетекшісі:

- Бұл барлық спорт түрін қамтитын үлкен әмбебап спорт кешені болмақ. Көпсайыстар, күрес, волейбол, баскетболдан жарыстар ұйымдастырылады. Думанды мәдени ойын-сауық шараларын өткізуге де болады. Сонымен қатар үш жаттығу залы орналасады. Бұл жобаның тағы бір ерекшелігіне тоқталатын болсам, осы олимпиадалық резервтер даярлау орталығының шатырында 20-да 40 метрлік шағын футбол алаңы орын тебеді.

Хабар 24 телеарнасы