422.26 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боксшы Абылайхан Құсайынов рингке қайта оралды

  • 1116
  • UPD: 15:41, 18.10.2019
Боксшы Абылайхан Құсайынов рингке қайта оралды qsport

Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы, жеңіліп көрмеген Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) Калифорнияда жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлады prosports.kz.

Абылайхан әйгілі американдық тәлімгер Джеймс «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен, отандастары Мейірім Нұрсұлтановпен (12-0, 8 КО) және Жәнібек Әлімханұлымен (7-0, 3 КО) бірге жаттығып жатыр. Құсайыновтың рингке оралатын күні әзірге белгісіз.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыда өткізген еді. Ол кезде спортшы үшінші раундта армян спортшысы Гарник Харутюнянді (3-2, 2 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

2018 жылғы күзге дейін Құсайынов Канадада Eye of the Tiger Management компаниясы ұранымен рингке шығып жүрді.

Хабар 24 телеарнасы