387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотректен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алда келеді

  • 208
  • UPD: 14:23, 20.10.2019
Велотректен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алда келеді

Оңтүстік Кореяда велотректен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсеке жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Әсіресе жасөспірімдер арасында қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күні-ақ жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтсақ, командалық жарыста олимпиадалық даярлау орталығының ұлдары да, қыздары да қола медаль жеңіп алды. Одан кейін жекелей сында Кристина Титовская, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақандар мәреге екінші жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал қыздар арасындағы топтық жарыста осы орталықтың тағы бір шәкірті Ақпейіл Өсім үздік үштікті түйіндеп, ұлттық құрама қоржынына тағы бір медаль салды. Осылайша жерлестеріміз үшін бұл бәсеке олжалы болды. Чинч-хон қаласындағы жарыс әлі бірер күнге созылады. Сәйкесінше ел намысын қорғап жатқандардың көрсеткішті жақсарта түсуіне мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы