388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты ұзартудан бас тартты

  • 175
Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты ұзартудан бас тартты Football.ua

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ ұсынған келісімшартты ұзартудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz

Осылайша, 20 жастағы ойыншы клуб ауыстырғысы келетінін мәлім етті.

Париждік клуб форвардқа жалақысы 50 млн еуро болатын бес жылдық келісімшарт ұсынады. 

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.

«Корольдік клуб» президенті Флорентино Перес футболшы үшін 230 млн еуро төлеуге дайын болған. Алайда ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи шабуылшыны сатудан бас тартты. 

Хабар 24 телеарнасы