388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Ресейдегі турнирге қатысады

  • 294
  • UPD: 16:30, 21.10.2019
Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Ресейдегі турнирге қатысады

Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Ресейдегі халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

23 қазан күні Ресейдің Свердловск облысында өтетін жарысқа Ресей мен Қазақстанның 21 жасқа дейінгі үстел теннисші шеберлері бақ сынайды.

Атап айтсақ, ел намысын халықаралық додада Самат Бейсенов бастаған Бақдаулет Әкімәли, Дастан Кенжеғұлов, Ырысбек Артукметов, Искандер Харки қорғайды. Жарыстың жүлде қоры 450 000 рубльді құрайды.

Хабар 24 телеарнасы