388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды

  • 342
  • UPD: 16:20, 23.10.2019
Алматыда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды

КСРО спорт шебері Әбдірашит Әбдірахмановты еске алуға арналған жарыс бір аптаға созылған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан мен Өзбекстан және еліміздің әр бұрышынан келген үміткерлер бірнеше салмақ дәрежесінде бақ сынады. Турнирдің үздік боксшысы атанған Дәуіт Молахасановты бөле-жара айтсақ болады.Тараздық талантты боксшының болашағы зор, дейді мамандар. 43 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Дәуіт финалда Ернұр Пернебектен басым түскен еді. Сол секілді өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанған Бекарыс Нұрмұхан мен Сәкен Ермек және Барысхан Сапарбай мен Мадияр Бексұлтановтардың да келешегі жарқын деп білеміз. Осы жарыста оза шапқандар ұлттық құрама сапына шақыртылып, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы