388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дастин Порье МакГрегормен төбелесуді қалайды

  • 324
Дастин Порье МакГрегормен төбелесуді қалайды Prosports.kz

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье Конор МакГрегормен жекпе-жекке шығуға үмітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен оны біреуден төбелесуден қорқады деп ойламаймын. Ол менен әдейі қаша ма, әлде басқа біреумен кездескенді дұрыс көре ме, білмеймін. Маған Конормен шығу туралы ресми ештеңе айтылған жоқ, тек мен оны өзім шақырып жүрмін. Жекпе-жек өтер деп, әлі де үміттеніп жүрмін», – дейді Порье.

Еске сала кетелік, қос спортшы да ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған болатын. Ал алдағы уақытта ирландиялықтың Ресейге келетіні белгілі болды. Сыбыстарға қарағанда МакГрегор Хабибпен Ресейде жекпе-жек өткізуге ниет білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы