424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі таныстырылды

  • 1182
  • UPD: 15:37, 22.10.2019
2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі таныстырылды prosports

Франция астанасы Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі көрсетілді, деп жазды Prosports.kz.

Логотипте алтын медальдағы олимпиадалық алау бейнеленген. Дизайнерлердің жобалауына сай, Олимпиада логотипі үш бейнеден тұрады: алтын медаль - спорттың, от - Ойынның нышаны, ал Марианна - Францияның символы.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиада 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Паралимпиада 28 тамыздан 8 қыркүйекке дейін болады.

Хабар 24 телеарнасы