387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиялық қақпашы ойын бастала сала алаңнан қуылды

  • 155
  • UPD: 18:07, 22.10.2019

Футболдан Түркия чемпионатының «Коньяспор» мен «Йени Малатьяспор» арасындағы сегізінші айналымның ойыны қызықты оқиғадан басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын бастала салысымен қарсылас алаңында ойнаған «Йени Малатьяспор» футболшысы допты ұзақтан форвардқа қарай бағыттады. Алаң иелерінің қақпашысы Серкан Кырынтылы оны қағып алу үшін қақпадан шықты, алайда есебі дұрыс болмады.

Айып алаңынан шығып кеткен голкипер допты ереже бойынша тоқтата алмайтынын түсінді. Дегенмен, командасын голдан құтқару үшін ол допты қолымен ұстап алды, бірақ, ережені өрескел бұзғанын түсініп, қолғаптарын шешіп алаңнан шығып кетті. Төреші Серканға қызыл қағаз көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы