388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотрек: Азия чемпионатында озған отандастарымыз елге оралды

  • 131
  • UPD: 14:32, 23.10.2019

3 алтын, 6 күміс, 7 қола. Велотректен құрлықтық додаға аттанған жерлестеріміз осындай олжамен оралды.

Биылғы байрақты бәсеке Оңтүстік Кореяда өткен болатын. Жасөспірімдер арасындағы сында қазақстандық спортшылар алғашқы күннен жүлдеге ілікті. Әсіресе Александр Бекенов, Андрей Чугай және Ақпейіл Өсімдер алдына жан салмады. Олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері бас-аяғы 16 медаль жеңіп алды. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел абыройын асқақтатқан спортшыларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды.

Ақпейіл Өсім, велотректен азия чемпионы:

- Кореядағы жарысқа көп дайындалмадық. Бір айдай уақытымыз болды. Жарыс қиын болды. Бірінші жарыста қола алдым. Одан кейін өзімді дәлелдегім келіп, алтын жүлдегер атандым. 

Назар Жұмабеков, олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары:

- Алдағы жылы Азия чемпионаты өтпейді. Олимпиада болатындықтан оны биыл ұйымдастырды. Сондықтан оған кешенді дайындалып үлгермедік. Бірақ соған қарамастан жақсы көрсеткішпен оралып отырмыз. Нәтижеге көңіліміз толады. Жарыс алдындағы жоспар толық орындалды.

Хабар 24 телеарнасы