387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

  • 391
  • UPD: 12:36, 23.10.2019
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегін 9 қараша күні Фресно қаласында (Калифорния шт., АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш бокс кешінің басты кездесуінде Джеймел Херринг Ламонт Роучпен, Кубрат Пулев Райделл Букермен айқасқа түседі. 

26 жастағы Жәнібек нигериялық боксшы Альберт Онолуносқа (24-2-1, 8 КО) қарсы сынға түсіп, WBC Continental Americas титулын қорғамақ. 

17 тамыз күні өткізген соңғы жекпе-жегінде Әлімханұлы бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-3, 11 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы