388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал: Қазақстан құрамасы Албанияны ірі есеппен ұтты

  • 261
Футзал: Қазақстан құрамасы Албанияны ірі есеппен ұтты prosports.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы 5 топта Албания, Нидерланд және Румыния футзалшыларымен күш сынасады. Бүгін алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді.

Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өткен матч 4:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. 

 

Кака шәкірттері келесі ойынын 24 қазанда Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. 

Хабар 24 телеарнасы