411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов жыл соңында шаршы алаңға оралады

  • 650
Данияр Елеусінов жыл соңында шаршы алаңға оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данияр Елеусінов қыркүйек айында америкалық Решард Хиксті (12-0-1, 6 КО) бірінші раундта екі мәрте нокдаунға түсіріп, жеңіске жеткен еді.

Енді қазақстандық боксшы 20 желтоқсан күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand кешенінде шаршы алаңға шығуы мүмкін. Кештің басты жекпе-жегінде Дэниел Джейкобс пен кіші Хулио Сесар Чавес жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы