387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға теннис жұлдыздары келді

  • 168
  • UPD: 10:03, 24.10.2019
Елордаға теннис жұлдыздары келді elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласына үлкен теннистің жұлдыздары – Рафаэль Надаль мен Новак Джокович келді.

Оларды теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қарсы алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әлем жұлдыздарын ел астанасында түрлі іс-шаралар күтіп тұр. Олардың қатарында баспасөз мәслихаты, мастер-класс және қайырымдылық матчы бар.

Мұндай жұлдыздардың келуі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД үшін теңдесі жоқ оқиға. Ол біздің теннисшілерімізге аты аңызға айналған спортшылардың тәжірибесін алуға, сондай-ақ әуесқойлар үшін әдемі ойындардан ләззат алуға мүмкіндік береді. «Барыс Аренада» теннистің бүгінгі аңыздары арасында қайырымдылық матчы өтеді. Оның негізгі мақсаты – осы спорт түрін Қазақстанда насихаттау.

Ал осы кездесуден жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады: өңірлердегі балабақшалар мен мектептерді теннис секцияларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бар теннис орталықтарын инклюзивтік балалар алаңдарымен көгалдандыру және абаттандыру.

Хабар 24 телеарнасы