386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты

  • 377
  • UPD: 14:47, 24.10.2019
Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты

Англияның Мэн аралында Grand Swiss Халықаралық шахмат турнирі аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі – 11 турға созылатын ұзақ қашықтықты жарыс болып табылады.

Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты. Турнирдің деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқалар шахматшылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады.

Турнирде қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті.

«Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды!Күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым - дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы – «алтыжүздіктер» тобындағы гроссмейстерлер болды! Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге ниет тудырды»,– дейді Динара.

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505 болды! Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-орында тұр. Бұл – қазақстандық әйелдер шахматы үшін рекорд.

Хабар 24 телеарнасы