384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Елордадағы матчта Надаль Джоковичті жеңді

  • 326
  • UPD: 23:38, 24.10.2019
Теннис: Елордадағы матчта Надаль Джоковичті жеңді

«Барыс Арена» стадионында әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джокович өзара шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда сербиялық Н.Джокович көш басында тұрғанымен, жуырда жаңартылатын рейтингте испаниялық Р.Надаль бірінші ракетка атанады. Бұл екеуінің де атақ-даңқы жер жарады десек артық айтқандық емес. Р.Надаль «Үлкен дулыға» турнирлерінде 19 мәрте чемпион атанса, Н.Джокович 16 рет топ жарған еді. Осыған дейін қарсыластардың 54 мәрте жолдары тоқайласса, соның 28-інде сербиялық спортшы басым түскен еді. Оның үстіне Н.Джокович хард төсенішінде жақсы ойнайды. Елордадағы бәсеке де хард төсенішінде өтті. Дегенмен, бұл бәсеке қайырымдылық әрі теннис сүйер жұртшылық көңілін көтеру мақсатында ұйымдастырылғандықтан рейтингке ешқандай әсер етпейді. Бірінші партияда Надаль брейкпен алға шықты – 3:1. Ол осы қарқынынан айырылған жоқ – 6:3. Екінші сетте керісінше Джокович қарқынды ойнады – 6:3. Есеп 1:1 болып теңескеннен кейін матч тағдыры үлкен тай-брейкте шешілді. Онда Надаль жеңіске жетті – 11:9.

Хабар 24 телеарнасы