385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғұсман Қырғызбаев Әбу-Дабиде «Үлкен дулыға» чемпионы атанды

  • 354
  • UPD: 10:19, 25.10.2019
Ғұсман Қырғызбаев Әбу-Дабиде «Үлкен дулыға» чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев чемпион атанды, деп хабарлайды Елорда Инфо

ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубының атынан қатысқан ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ақтық сында француз балуаны Валид Хярмен белдескен Ғұсман қарсыласынан басым түсті. 

Сондай-ақ осы салмақта Рио-2016 олимпиадалық ойындар жүлдегері Елдос Сметов те күресті. Алайда ол қола жүлде үшін күресте ресейлік Яго Абуладзеге жол берді. 

Хабар 24 телеарнасы