384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионтының күміс жүлдегері атанды

  • 212
  • UPD: 09:45, 26.10.2019
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионтының күміс жүлдегері атанды blogspot.com

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Пхеньянда жалауын желбіреткен додада қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде жеңіп алды. 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, 357 келіні бағындырды. Дәл осы салмақта Оңтүстік Корея спортшысы Дахун Ем (358 келі) үздік атанса, КХДР өкілі Кум Ил Пак (354 келі) үшінші орыннан көрінді.

Хабар 24 телеарнасы