414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

О.Рыпакова Қытайдағы әскерилер ойындарында жеңімпаз атанды

  • 627
  • UPD: 19:13, 26.10.2019
О.Рыпакова Қытайдағы әскерилер ойындарында жеңімпаз атанды

Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Қытайдағы VII Бүкіләлемдік әскери ойындарға қатысып, үш қарғып секіруден алтын медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 14,19 метр нәтижесімен қарсыластарын жеңді. Ал сайыс қорытындысы бойынша екінші орынды Италиядан Оттавия Честонаро иеленді, ол 13,78 метр нәтиже көрсетті. Үздік үштікті 13,54 метр көрсеткішпен доминикандық спортшы Анна Хосе Тиме түйіндеді. Қатысушы елдер арасында медальдар саны бойынша қазіргі уақытта Қытай көш бастап тұр. Қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Рыпакованы кезекті жеңісімен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев твиттердегі парақшасында құттықтап, «Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың, тек алға» деп жылы лебізін білдірді.

Хабар 24 телеарнасы