388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль алды

  • 163
Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль алды Prosports.kz

Кореяның Пхеньян қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Карина Кузганбаева күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Карина 218 келіні көтеріп, құрлық біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды.

Бұл салмақта КХДР спортшысы Ун Сонг Ким топ жарды. Ал үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Хуенжу Джанг түйіндеді.

Хабар 24 телеарнасы