384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» түлектері спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды

  • 198
  • UPD: 18:40, 27.10.2019
«Болашақ» түлектері спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды

«Болашақ» бағдарламасының түлектері спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды. Осы мақсатта Елордадағы «Алау» мұз сарайына жиналды.

Екінші рет ұйымдастырылған спартакиадаға қауымдастыққа мүше бес жүздей адам қатысуға ниет білдірген. Жарыстар шағын футбол, валейбол, үстел тенисі, қол күресі, шахмат және асық ату сынды спорттың алты түрінен өтеді.  

Бақтияр Мәкен, «Bolashaq» қауымдастығы кеңесінің төрағасы: 

- Бізде бүгінгі таңда 12 мыңнан астам «Болашақ» түлектері бар. Қауымдастықтың мақсаты болашақтың түлектерін, азаматтарының бәрін біріктіру. Себебі шетелге көбі оқуға барады. жаңадан келеді. Алдындағы үлкен азаматтар бар былай атқанда шетелдік тілмен айтқанда нетворкинг дейді ғой. Бірімен бірі көрісіп, әңгімелесіп қайжерде кімнің орын тапқаны. барлық түлектердің осы шараға қатысып өзінің спорттық дәрежедегі салауатты өмір салтын насихатын қалай көрсетеді. соны көрсету ғой.

Хабар 24 телеарнасы